ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ

2018 жылдың 26 қаңтарында Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының базасында оқытушылар мен қызметкерлерге арналған SpringerNature компаниясының мәліметтер базасын ғылыми зерттеулерде және оқу үдерісінде қолдану бойынша семинар өтті.

Семинарды «SpringerNature» компаниясының лицензиялы менеджері И.А.Александрова жүргізді. Ол импакт-факторы бар рейтингтік шетелдік журналдарды іздеу мәселелерінің жаңалықтарымен таныстырды. Сонымен бірге жариялану белсенділігін дамыту үшін баспаның ақпараттық ресурстарын қолданудың мүмкіндіктерін айтты.

Біздің институтымыз ұлттық лицензия бойынша 1997-2018 жж. аралығында жарияланған Springer басылымының барлық мақалаларына және журналдарына қолжетімділік болып табылатын www.springerlink.com ресурсын пайдалануға мүмкіндігі бар. www.springerlink.com сайтында сіз:

  1. Зерттеу бағытыңыздың ең жаңа жетістіктері туралы барлық мақалаларды оқи және жүктей аласыз.
  2. ҒЗЖ-ның есептерін, магистрлік және докторлық диссертацияларды жазуда, озық жетістіктердің салыстырмалы талдауы үшін мақалаларды таңдауға ресурстардың материалдарын қолдана аласыз.
  3. Сіздің зерттеу тақырыбыңызға байланысты рейтингтік журналдарды тез әрі нақты анықтай аласыз. Журнал сайтында осы журналдардың импакт-факторының және Scopusта барлығын анықтайсыз.
  4. Мақалаларды рәсімдеу үшін нұсқаулықтармен және талаптармен танысуға, басылымға мақаларды беруге мүмкіндігіңіз бар.
  5. Студенттер мен оқытушыларға жеке компьютерден және ұялы телефондардан толық мәтінді базаға қашықтық қолжетімділікті ұсына аласыз.
  6. Оқу материалдарының курсы ретінде кітаптарды қолдана аласыз.