Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары «Жарқын болашақ» атты IV Республикалық олимпиадаға қатысты
2016 жылдың 13 ақпанында Астанада қазақ-түрік лицейінің негізінде қаланың мектептері арасында «Жарқын болашақ» атты ғылыми жобалардың IV Республикалық конференциясы өтті.
Біздің институтымыздан бағалау комиссиясына п.ғ.м. аға оқытушы Алипбекова Л.У., г.ғ.м., аға оқытушы Кызырова М.А. және комиссияның тұрақты мүшесі, ф.ғ.к., доцент, кафедра профессоры Загатова С.Б. шақырылды. Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жобаны қазақ тілінде қорғауға өзге ұлт оқушылары да қатысқанын ерекше атауға болады. Оларға берілетін орындар жеке қарастырылды. Олимпиадаға ұсынылған ғылыми жобалар шынымен де өте қызықты, өзекті және ғылымға негізделген болды. Бұл біздің елордамыздағы мектептерде берілетін білім сапасының деңгейін көрсетеді.