Еуразия гуманитарлық институтының өзіндік үлгідегі дипломы
Еуразия гуманитарлық институтының өзіндік үлгідегі диплом бланкісі үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) толтырылады және мынадай элементтерден тұрады:
- институттың атауы мен логотипі (Еуразия гуманитарлық институты);
- түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;
- берілетін бакалавр дәрежесі;
- бакалавр дәрежесін беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі;
- оқу нысаны (күндізгі, сырттай, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, күндізгі);
- институт ректорының қолы;
- реттік тіркеу нөмірі;
- берілген күні мен орны (қаласы);
- институттың мөрі;
- оң жақ жоғарғы бұрышта институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі мен атауы орналастырылады;
- сол жақ жоғарғы бұрышта алдыңғы жағында QR код – деректерді сәйкестендіру орналастырылады.