Еуразия Наурызды қарсы алуда

2016 жылдың 19 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтілді.

Мерекелік іс-шарада спорттық жарыстар мен мерекелік концерт болды. Институттың спорт алаңында оқытушылар Р.С. Балтабеков пен Д.С. Ташкеевтің, Жастар ісі жөніндегі комитеттің спорттық секторының жетекшісі, бокс бойынша спорт мастері А.Бирлесовтің басшылығымен ұлттық спорт түрлері «Тоғыз құмалақ», «Қол күрес», «Қазақша күрес» және гір спортынан жарыстар ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламаны құттықтау сөзімен ЕАГИ ректоры, академик А.Қ. Құсайынов ашты. Концертте институт кафедраларының студенттері Қазақстанда тұратын ұлттардың біреуінің ұлттық киімін, әні мен биін көрсетті.

Институтта Наурыз мерекесіне арналған студенттік топтар арасында қабырға газеті сайысы өткізілді. Мерекелік концерт барысында тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова мен ЖІК-тің төрағасы Н.Тырнахан жеңімпаздарға грамоталар мен мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Өткізілген іс-шаралардың бәрі студенттерді өз еліне, оның мәдениетіне деген сүйсіпеншілікке тәрбиелеуді дәріптейді. Қазіргі заманғы Наурыз көне заманның дәстүрін сақтаған. Ұлт мәдениетінің жандануы жағдайында, ол «заман байланысы» мен Қазақстан тарихының маңызды буыны болып табылады.