“Exploring Gender Equality In Education” онлайн курстары

2022 жылдың 6-26 қыркүйек аралығында шетел тілдері кафедрасының студенттері (ИЯ-19-01, ШТ-19-01, ШТ-19-02 академиялық топтары) кафедраның аға оқытушысы А.М. Сәрсенованың жетекшілігімен Британдық Кеңестің (British Council) ұйымдастыруымен “Exploring Gender Equality In Education” онлайн курсынан өтті. Аталған курс жазбаша және сөйлеу дағдыларын жандандыру, тілдік құзыреттілікті арттыру және білім беру жүйесіндегі гендерлік теңдіктің негізгі аспектілерін зерделеу мақсатында әзірленді. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.