Фольклортанушылар конгресі

2015 жылдың 5 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті фольклортанушы ғалым ҚР ҰҒА академигі        С.А. Қасқабасовтың 75 жасқа толуына арналған Халықаралық фольклортанушылар конгресіне Еуразия гуманитарлық институтынан оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ, ф.ғ.к., доцент, Г.Е. Абылова, магистр              А.Е. Алимбаев қатысты. «Фольклортану ғылымы: өткені, бүгіні, келешегі» секциясында А.Е. Алимбаев «Академик С.А. Қасқабасов: Абай және фольклор» тақырыбында, «Түркітанудың өзекті мәселелері» секциясында Г.Е. Абылова «Дүниенің поэтикалық бейнесіндегі «Заман» концептісі және құрылымы» тақырыбында баяндамалар жасады.