«ForeignTrade» тақырыбындағы ашық сабақ
2021 жылдың 26 ақпанында оқытушы, г.ғ.м., А.Б. Камзина «Кәсіби шетел тілі» пәні бойынша ПДК-18-01 тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ми шабуылы әдістемесі бойынша жаттығулар қолданылды, «Kahoot» платформасында квиздер өткізілді, мәтінді оқу және мәтін бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. Студенттер «Cooperation between Kazakhstan and the WTO» видеосын көріп, негізгі мәселелерді талқылады. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі п.ғ. к., доцент Л.В. Волкова және кафедра меңгерушісінің орынбасары п.ғ.м., доцент Г.У. Аренова, сондай-ақ шетел тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты. Сабақты құру логикасы, студенттердің жоғары белсенділігі және оқу үдерісіне тартылуы атап өтілді.