«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Ақпараттық хабарлама
2017 жылдың 13 желтоқсанында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзіледi.
Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
- Педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
- Қазақ және орыс филологиясы.
- Шетел филологиясы және аударма ісі.
- Құқықтану.
- Экономика және қаржы.
Конфренция мәжілісінің форматы: пленарлық отырыс, дөңгелек үстел.
Материалдар электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.
Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2017 ж. 15 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 3000 теңге.
Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.
Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi
Мәтiн Microsoft Office Word-та терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;
- парақтың оң жақ жоғарғы бөлiгiнде – Кiшi әрiппен автордың аты-жөнi, ғылыми дәрежесi мен атағы; төменде: қаланың, жұмыс орындалған мекеменiң атауы;
- ортасында: бас әрiппен мақаланың атауы, әрi қарай мәтiн;
- әдеби дереккөздерге сілтемелер мақала соңында беріледі;
- мақала мәтiнiн электронды түрде берулерiңiздi сұраймыз;
- көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлiп жiберiлген немесе талаптарға сай ресiмделмеген материалдар қаралмайды және керi қайтарылмайды; ұйымдастыру комитетi мақалаларды iрiктеу құқығын өзiне қалдырады;
- мәтiн автор тарапынан редакциялануы, оқылуы тиiс.
Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:
010009, Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, Еуразия гуманитарлық институты
e-mail: konf.eagi2017@mail.ru, +7 777 515 78 87, +7 (7172) 56 19 33
Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail.
Тiркеу жарнасы Астана қаласы «Цеснабанк» АҚ-тың
ИИК KZ39998BTB0000006853 есеп-шотына аударылады,
БИН 990140001808, БИК TSES KZ KA, РНН 620200000084, КБе 17, төлем белгiсiнiң коды 859