Х республикалық «Жарқын болашақ» Білім-Инновация Халықаралық Қоғамдық Қоры қазақ тілі олимпиадасы бойынша «Жазушылар» байқауы

2018 жылдың 03 наурызы күні «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ-сі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткен Х республикалық «Жарқын болашақ» Білім-Инновация Халықаралық Қоғамдық Қоры қазақ тілі олимпиадасы бойынша «Жазушылар» байқауында Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова, п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Әлімбаев төрелік етті.