ХАБАРЛАНДЫРУ
ЕАГИ-де 2018 жылдың 9 қарашасында сағат 15.00-де конференц-залда кәсіби аудармашылар мен аударма компанияларының қауымдастығы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көркем аударма – елдің мәдени мұрасы үшін мәнділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараның бағдарламасы ақпаратқа толық және қызықты: «Көркем шығармаларды аударудағы қиындықтар», «Көркем және кәсіби-бағытталған аударманың түйіскен жерінде», ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы көркем әдебиетті аудару», «Аудармашы мен аударма мәдениет арасындағы көпір ретінде» тақырыптарында баяндамалар жоспарланған.
Дөңгелек үстел жұмысына Ш.К. Жарқынбекова (Л..Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Астана қ., Қазақстан), Л.В.Волкова (ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Астана қ., Қазақстан), М.Ж. Ескендірова (жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, Қазақстан), Оана Кожану (А.И. Кузы атындағы Яссы университеті шетел тілдері кафедрасының доценті, Яссы, Румыния), Т.П. Швец (филология ғылымдарының кандидаты, Аударма оқытушылары қауымдастығының мүшесі, Санкт-Петербург, Ресей), Дэвид Джеймс Моссоп (лексикалық семантика жөніндегі доктор, София университетінің оқытушысы, аудармашы, София қ., Болгария).