Хабарландыру!

Еуразия гуманитарлық институтының студенттерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауына қатысуға шақырамыз.

Байқаудың мақсаты – жастарды отансүйгіштікке, азаматтыққа, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін жандандыру, жастардың бойында ұлттық сана-сезімді дамыту.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін бейнелейтін «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді, 1 кезең – ЖОО, 2 кезең – республикалық.

1 кезең 2022 жылғы 15 қыркүйектен 14 қазанға дейін өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін эсселер tana.gismat@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі

Байланыс деректері: 8 705 628 67 74, 8 705 265 14 51