Хайролла Нұрсұлтан Бөлтірікұлы

Хайролла Нұрсұлтан Бөлтірікұлы – 2011 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Тарих» факультетіне оқуға түсті. Осы жылдардың ішінде Хайролла Нұрсұлтан институттағы қоғамдық және ғылыми шараларға белсене қатысты. Жыл сайынғы Еуразия гуманитарлық институтында ұйымдастырылатын «Ғылым және жаңа ұрпақ» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясында I және III дәрежелі дипломмен марапатталды. Тарих мамандығы бойынша  2014 жылы Қарағанды қаласында өткізілген  VI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II орын жүлдегері. Алматы қаласында өткізілген VII Республикалық пәндік олимпиадасының қатысушысы.