Халықаралық аудармашылар күні

27 қыркүйекте ЕАГИ-де Халықаралық аудармашылар күніне арналған концерт өтті. Бұл іс-шараны шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырып өткізді.

Мерекеге «Аударма ісі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері қатысты. Олар көрермендерге шығармашылық музыкалдық және театрлық нөмірлер дайындады, креативті қабырға газеттерін шығарды. Сонымен бірге шетел тілінен (ағылшын, француз, неміс, қытай) тілдерінен қазақ және орыс тілдеріне көркем мәтінді аудару номинациясы болды. Жүлделі орындарды жеңіп алған студенттерге дипломдар табысталды және белсенді қатысқандарға грамоталар берді. Концерттің қазылар алқасына кафедра оқытушылары – п.ғ.м., доцент Алима Үкібайқызы Ілиясова, PhD докторы Нұргелді Ақат, ағылшын тілі клубына жауапты және ерікті Morgan Graves шақырылды. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ярослава Николаевна Оспанова өткізілген іс-шара үшін алғыс айтты және баршаны институт әкімшілігінің атынан мерекемен құттықтады.