Халықаралық білім беру көрмесі

2018 жылдың 20-21 қаңтарында ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының оқытушылары (С.А. Долдинова, О.В. Дьяченко, К.Е. Умбетова, Л.В. Ивченко, Н.И. Демидкова, Г.К. Темиргалиева, А.К.Алтымбаева, А.М. Молдабекова) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған «International Education Fair 2018» халықаралық білім беру көрмесіне барды. Оқытушылар көрменің аясында өткен семинарлар мен тренингтер жұмысына қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.