Халықаралық деңгейде академиялық адалдық мәселелерін талқылау
2021 жылдың 1 маусымында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Академиялық адалдық» жобасы аясындағы дөңгелек үстел жұмысына онлайн-қатысты. Іс-шараның күн тәртібіне келесі мәселелер кірді: университеттердегі академиялық адалдық тәжірибесін зерттеу, COVID-19 пандемиясы кезінде жоғары оқу орындарының академиялық адалдыққа қатысты мәселелерін қарастыру, проблемаларды мүмкіндікке айналдырудың озық әдістерін зерттеу, сондай-ақ осы контексте студенттердің көшбасшылығына жаңа тәсілдерді ұсыну.
Аустралияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Қазақстанның академиялық және кәсіби қоғамдастықтарының сарапшылары өңірлік және жаһандық адалдық тәжірибесі мен зерттеу мүмкіндіктерін талқылады, оқуды аяқтағаннан кейін адалдықтың рөлін атап өтті, ал танымал жұмыс берушілер жұмыс орындарындағы адалдық рөліне неге баса назар аударатындарын айтты.
Дөңгелек үстел академиялық және кәсіби адалдыққа мүдделі ғалымдар, кәсіпқойлар және студенттер қауымдастығын одан әрі дамытуға бағытталған тұрақты іс-шаралар сериясында бірінші болды.