Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әйелдер қауымы, қымбатты нәзік жанды қызметкерлер және институттың аяулы студенттері!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз, қуанышты оқиғаларға, шынайы мейірімді сөздерге, махаббат пен шабытқа толы керемет күндер тілейміз. Сіздердің тілектеріңіз орындалсын, жақындарыңыз жылулық және нәзіктікпен, қамқорлық және шексіз ықыласпен қоршасын! Көктемнің алғашқы сәулелері сіздерге жылулық пен бақыт, жақсылық пен сәттілік сыйласын!

Ректорат