Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт!

2023 жылғы 7 наурызда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті!

Іс-шараны институт ректоры, психол.ғ.к., професор А.Ж. Исмаилов құттықтау сөзімен ашып, барлық қатысушы әйелдер мен қыздарға денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Театр қойылымдары, музыкалық және би нөмірлері, поэтикалық нөмірлер түріндегі студенттердің шығармашылық құттықтауларын қонақтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Осы күнге арнайы дайындалған түрлі-түсті газеттердің көрмесі де қонақтарды қуантты.

Қойылымдар жарқын, әсерлі, есте қаларлық болды және барлығын мерекелік көңіл-күймен қуаттандырды!