Халықаралық студенттер күні

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырары қақ. Сәні мен салтанаты мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша – халықаралық студенттер күні!

Әрине, бұл аталмыш мерекені тойлауда біздің ЖОО студенттері де тыс қалмады. 17 қараша институт қабырғасында барша студенттерге арнап ЖІК ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті. Биыл оқу бітіретін түлектерге үйірме, клубтардың жетекшілері мен ЖІК-тің белсенді студенттеріне институт өміріне қосқан үлесі үшін ЕАГИ ректоры, академик А.Қ. Құсайыновтың атынан алғыс хат тапсырылды.