ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2018 жылғы 30 қаңтардан бастап Еуразия гуманитарлық институтында Рhd доктор, қауымдастырылған профессор Энвер Капаганның  (Карабюк Университеті, Түркия) жетекшілігімен «Түркі халықтарының латын әліпбиіне көшу тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтіп жатыр. Ғылыми-әдістемелік семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филилалы орналасқан Астана қаласы № 48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысуда. Семинардың өтуіне атсалысып жатқан институтымыздың академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі ғылым магистрі А.Т. Сандыбаева мен ЕАГИ кітапханасының директоры С.Б. Хамзинаға алғыс айтамыз.