Халықаралық жас аудармашылар байқауы

Шетел тілдері кафедрасының студенттері А. Құнанбаева (4 курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы) және М. Картаева (3 курс, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы) Сібір федералды университетінің базасында өткен Халықаралық жас аудармашылар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды (Красноярск қ., Ресей). Азиза әртүрлі дәуірлердегі мұғалімнің рөліне арналған публицистикалық мәтінді аударғаны үшін үшінші орынға ие болды. Мадина өнердегі тәлімгерлікке арналған публицистикалық мәтінді аударғаны үшін үшінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова.