«Халық заңгері» акциясы
16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Халық заңгері» акциясы басталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, сондай-ақ белгілі заңгерлер мен адвокаттар ұйымдастырушылары болды.
Іс-шара аясында заң саласының қызметкерлері азаматтарға тегін көмек және кеңес берді. Акцияға елорданың көптеген жоғары оқу орындарының еріктілері, соның ішінде Еуразия гуманитарлық институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Г. Салимжуарова, Б. Алимхан, А. Зеннат белсенді қатысты.
Іс-шара сәтті өтті. Азаматтардың көпшілігі өздерін қызықтырған мәселелер бойынша лайықты кеңестер мен нұсқаулар алды. Ал студенттер жақсы кәсіби тәжірибе алды.