«Халык-Life» Aulettі сақтандыру компаниясының өкілімен кездесу

2023 жылғы 19 қазанда қаржылық сауаттылықты оқыту шеңберінде А. К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ПОҚ-тың  «Халык-Life» Aulettі сақтандыру компаниясының өкілі А.К. Жакуповамен кездесуі өтті. Кездесу барысында өмірді, мүлікті сақтандыру; сақтандыру компанияларына қаржылық салымдар және т. б. мәселелер қаралды және талқыланды. Кездесуге қатысушылар оларды қызықтыратын сұрақтарға құзыретті жауаптар алды.