«ХХ-ХІ ғғ. қазақ шекарасын анықтау және қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел
2021 жылғы 2 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде педагогика кафедрасы «ХХ-ХІ ғасырлардағы қазақ шекараларының анықталуы мен қалыптасуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға кафедраның ПОҚ және студенттерімен бірге институттың барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Тыңдаушылар алдында т.ғ.к., профессор Қ.С. Өскенбаев және т.ғ.к., профессор А.Ж. Аманбаев сөз сөйледі. Отырыс барысында талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.