«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ХХІ ғасырдағы Алаштың жарқын жолы» ұлттық байқауына қатысу үшін еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан Алаш мұрасын зерттейтін 18-35 жас аралығындағы жас зерттеушілер шақырылды. 6В01606 – Еуразия гуманитарлық институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Г. Жылкайдарова, К. Нурпеисов, А. Маслий институт профессоры С.А. Ескалиевтің жетекшілігімен Астана қаласында өткен ұлттық конкурстың 1-турына қатысып, Орал қаласында өткен екінші турға қатысу үшін іріктелді.

2022 жылғы 30 қарашада Орал қаласында өткен байқаудың 2-турының қазылар алқасының шешімімен К. Нурпейсов алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды; Г. Жылкайдарова ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Астана қаласында өтетін байқаудың 3-ші қорытынды турына өтті.