ХІ Жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңке

16 қарашада 12.30-дан 14.00-ге дейін ЕАГИ колледжінің конференц-залында ХІ жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкені өткізу аясында лотерея билетін сату (бағасы 1000 теңге) өткізіледі. Бұл жәрмеңке Қазақстандағы елшіліктердің дипломатиялық миссияларына қолдау көрсету, Қазақстандағы қайырымдылықты дамыту және халықаралық қатынастардың дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған.

Қайырымдылық жәрмеңке 2018 жылдың 2 желтоқсанында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өтеді.

Бағдарламада:

  1. Балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары.
  2. Дәстүрлі тағамдардың дегустациясы.
  3. Төмен бағамен тауарларды сату.
  4. Лотерея билеттері бойынша сыйлықтарды ұтысқа салу.

15.00-ден 18.00-ге дейін

Жәрмеңкеге кіру: 500 теңге (балаларға тегін).