ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
2020 жылы 4 наурызда педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева және MДT-19-01 тобы «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру» пәні бойынша практикалық сабақ аясында Нұр-Сұлтан қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.
Орталықта студенттер тірек-қимыл аппараты бұзылған және Даун синдромы бар балалармен жұмыс қалай жүргізілетінімен танысуға мүмкіндік алды. Студенттер денсаулығының ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған сабақтарға белсенді қатысты.
Келешекте де ынтымақтасу мақсатында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы EAГИ студенттерін волонтерлер ретінде практикалық дағдыларды игеруге шақырды.