«Инклюзивті білім беру» пәні аясында «Инклюзивті білім берудің пайда болу және даму тарихы» тақырыбындағы дәріс.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» академиясының ПП және БОӘ кафедрасының доценті (Қарағанды қ.) Мамерханова Жанат Мұхамедханқызы «Инклюзивті білім беру» пәні аясында «Инклюзивті білім берудің пайда болу және даму тарихы» тақырыбында, ЕАГИ-дің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне, онлайн-дәріс оқыды. Дәрісте қоғамның ерекше білім алуды қажет ететін адамдарға деген көзқарасының өзгеру тарихы қарастырылды.
Сонымен қатар, студенттерге Қарағанды облысында «балабақша – мектеп – колледж – кәсіпорын» қағидаты бойынша ерекше білім беру қабілеті бар балаларға үздіксіз педагогикалық қолдауды жүзеге асыру тәжірибесі ұсынылды.