«Инклюзивті білім беру жағдайында бейімделгіш дене шынықтыру мен бейімделгіш спортты дамыту ерекшеліктері» 1-ші Республикалық практикалық семинар

2024 жылғы 7 желтоқсанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика және тарих кафедрасының профессоры, псих.ғ.д. А.Т. Изакова «Жеңіске жет» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Инклюзивті білім беру жағдайында бейімделгіш дене шынықтыру мен бейімделгіш спортты дамыту ерекшеліктері» атты I республикалық практикалық семинардың құрметті қонағы және белсенді қатысушысы болды.