Инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасының он алтыншы вебинарындағы «АСЫЛ ЖҮРЕК»
2021 жылдың 18 қарашасында «Асыл жүрек» клубының жетекшісі, педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева «Даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Ozim Platform мобильді қосымшасы» тақырыбында онлайн вебинарға қатысты. Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы ұйымдастырды.
Вебинарда ozim Platform жобалық командасының өкілдері – құрамында Әсем Тәжиева (ozim Platform жобалық командасының негізін қалаушы және жетекшісі), Дана Мамбеталина (негізін қалаушы және менеджер), Мария Ипполитова (негізін қалаушы және менеджер) бар Назарбаев Университеті ЖББМ түлектерінің бастамашыл тобы спикер болды.
Вебинар қызықты және танымды өтті.
Сондай-ақ, жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 19 қарашада «Асыл жүрек» клубының жетекшісі мен еріктілері «Аутизм және аутистік спектрдің бұзылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді