«Инклюзивті жағдайдағы психологиялық қызмет: қиындықтары мен шешімдері» тақырыбындағы қалалық ғылыми-практикалық семинар
2025 жылдың 13 наурызында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика және тарих кафедрасының ұйымдастыруымен, «Инклюзивті жағдайдағы психологиялық қызмет: қиындықтары мен шешімдері» тақырыбындағы қалалық ғылыми-практикалық семинары өтті. Семинар жұмысына А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласының орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты. Семинардың жұмыс барысында инклюзивті жағдайдағы білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.