«Инсайт» үйірмесінің студенттері «Қазақстан этностары: Еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» конференцияға қатысты

12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан халқы ассамблеясы, Рухани жаңғыру Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Қазақстан этностары: Еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға «Инсайт» үйірмесінің студенттері мен үйірме жетекшісі Болатбекова Н.Ж қатысты.

Қабыл Айгерім, Бердалы Айжана «Оқушылардың этносаралық қарым – қатынас мәдениетін жетілідіріп дамытуда педагог – психологтың ролі», Ахмедина Нұрайым «Жастар бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында мақаларын ұсынып, сертификаттар иеленді.