Институттың 30 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2025» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясы

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты 2025 ж. 11 сәуірінде институттың 30 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ – 2025» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

ХХІ ғасырдың қазіргі гуманитарлық білім жүйесіндегі педагогика және психология.

  1. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
  2. Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың ғылыми зерттеу аспектілері: жас ғалымдар көзімен.
  3. Тіл білімінің, аударматанудың және шет тілдерін оқыту әдістемесінің заманауи мәселелері.
  4. Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйені дамыту мәселелері.
  5. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы.

Конференцияға қатысу үшін мақала авторының аты-жөні көрсетілген өтінім мен баяндама тезисі 2025 жылдың 22 наурызына дейін жіберілуі керек. Конференциядан кейін ISBN бар жинақты басып шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе талапқа сай рәсімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

Өтінім мен тезисті рәсімдеу талаптары