Ісқағаздарын жүргізу курсы
2017 жылдың 25-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығы «Салалық аударма және құжаттар тілі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді. Бұл іс-шараға қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Нұрбанова Айгүл Қисапқызы қатысты. Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасы бойынша «Аударманың лексикалық мәселелері және құжат тілінің прагматикасы», «Аудармадағы қателіктер: лексикалық, стилистикалық қыры», «Ісқағаздарды жүргізудегі кейбір мәселелер» тақырыптары қарастырылды.