ИT-стартаптар халықаралық паркінің ашылуы

2018 жылдың 6 қарашасында Астанада Astana Hub ИT-стартаптардың халықаралық паркі ашылды. Оның ашылуына Республика президенті Н.А.Назарбаев қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде бұл парктің инновациялық экожүйенің негізі болуы тиіс екендігін айтты. Негізгі міндет – ақылды, қабілетті және алғыр балаларға көмектесу.

Ұйымдастыру штабының жетекшісі «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған біздің институтымыздың түлегі, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы болған Ақерке Берлібай екенін мақтанышпен айтамыз.