«iTeacher» III Жастар педагогикалық форумы

2025 жылдың 31 наурызында Астана қаласының №26 мектеп-гимназиясының базасында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген педагогикалық сыныптар мен педагогикалық отрядтарға қатысушы жоғары сынып оқушыларын біріктірген «iTeacher» III Жастар педагогикалық форумы өтті.

Форум білім берудің өзекті тақырыптарын талқылауға, мектептің табысты бастамаларын таныстыруға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды.

Форум жұмысына А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының деканы Т.Н. Кемайкина және педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Мусиев қатысты. Олар сарапшылар мен тәлімгерлер рөлін атқарды, жастардың бастамаларын қолдап, олардың кәсіби уәждемесінің жоғары деңгейін атап өтті.

Форум сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталды, қатысушыларға таңдалған жолдың дұрыстығына шабыт пен сенімділік қалдырды.