«Әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» арналған ашық кураторлық сағат

Әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау мақсатында  «ЭжМП» кафедрасы 28.02.2020ж. «Қаржы» мамандығының студенттерімен «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» тақырыбында  ашық кураторлық сағат ұйымдастырды.

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының профессоры э.ғ.к., Жүкібай М.Ы. ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап,  Абай поэзиясында жастарға білім беру, ғылым үйрету мәселесі  баяндалғанда көбірек ауызға алынатын екі өлеңі– «Интернатта оқып жүр» және «Ғылым таппай мақтанба» туралы баяндап берді.

Абайдың қара сөздерінің тақырыбы мен мазмұны туралы  «Қаржы» мамандығының Қ-19-01 оқу тобының  студенттері  Арыстанов Н., Багилова Т., Токова А. таныстырып өтсе, ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында мұралары мен өлеңдерін  Ф-18-01 оқу тобының студенттері Беккара К., Туленова А. және Ф-19-01 тобының студенті Смағұл Қ.   оқып берді.

Ұлылықтың сырына қанық болып, даралықтың қандай болатынын ұғыну үшін, дана Абай әлемін шарлап қайту мақсатында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқытушылар мен студенттер жүргізушілер қойған сұрақтарға жауап беріп, диалог жүргізілді.

Ашық кураторлық сағаттың екінші бөлімінде
Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметі жайындағы бейнероликті Ф-18-01 тобының студенті Штеккер Н. дайындап және баяндады.