Әйтіміш Ақбота, Нұрбаева Ляйля

Әйтіміш Ақбота, Нұрбаева Ляйля («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 3-курс студенттері): Біз Сыр өңіріндегі білімнің қара шаңырағы болып табылатын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бір семестр бойы білім алдық. «Қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінен ашық сабақ өткіздік. Сабақ барысында оқушыларды топтарға бөліп, интеллектуалдық, пәнаралық, проблемалық тапсырмалар орындатқыздық. Көптеген әдістерді пайдалана отырып, оқушылармен жұмыс жасаудағы тиянақтылық, кері байланыс жасау тәсілдерін үйрендік. Бұл арқылы болашақ педагог ретінде көптеген тәжірибе жинадық. Біз үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – болашақ маман ретінде қалыптасу жолындағы таптырмас тәжірибе жинақтау.