Көктемгі семестрде аралас форматта оқыту жүйесін түсіндіру бойынша AI-20-01 тобының студенттерімен онлайн-кездесу

2021 жылғы 19 қаңтарда «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен топ кураторы Хасилан Фариза «Көктемгі семестрдегі оқу жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында түсіндірме онлайн-кездесу өткізді. Аралас форматта оқу жүйесі, «онлайн», «офлайн» және «аудиториялық сабақтар» атауларындағы айырмашылықтар, жаңа оқу форматы бойынша сабақ өту ұзақтығы мен үзіліске берілген уақыт/минут, сабақ кестесіндегі өзгерістер, санэпидемиялық ережелерді сақтау және т.б. мәселелер қарастырылды. Куратор студенттер тарапынан кітапхана жұмысы, студенттік билет алу, жатақханаға орналасу мәселелеріне байланысты туындаған сұрақтарға жауап берді.