Күлкі – ең үздік әуен

Қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Казина Райхан Ауанқызы ППК-14-02 және ФК-14-01 топшаларының студенттерімен «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша әдеби-музыкалық композиция түріндегі есепті сабақ өткізді. «Күлкі – ең үздік әуен» тақырыбында өткен іс-шарада студенттік өмір мен психолог қызметінде кездесетін көңілді көріністер мен әзілдер де, орыс тілін білуге қатысты викториналар да, орыс, қазақ және румын тілдеріндегі әндер, пародиялар мен заманауи жалынды билер де көрініс тапты. Амангелдинова Ботагоз (ППК-14-02) бен Алтынбеков Кемелдің (ФК-14-01) А.С.Пушкиннің поэзиясын мәнерлеп оқуы ерекше әсер қалдырды.