Күн тәртібінде: қоршаған ортаны қорғау

2025 жылғы 26 мамырда куратор С.Е. Давлетова ШТ-22-01 академиялық тобында (3-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өткізді. Студенттер «Home» (2009 ж.) деректі фильмін көрді, содан кейін келесі мәселелер: жердегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалану, жаһандық жылыну, ормандардың жойылуы, биоәртүрліліктің төмендеуі, адамның қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдары бойынша пікірталас өтті.