Күн тәртібінде – старостат отырысы

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында студенттерді қолдау қызметі қызметкерлерінің, кафедра басшыларының, кураторлардың, старосталардың және бітіруші курстың академиялық топтары студенттерінің активінің қатысуымен старостаттың кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру туралы, педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының студенттері үшін ұлттық біліктілік тест туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының «Жастар практикасы» және «Бірінші жұмыс орны» жобалары шеңберінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен перспективалары туралы сұрақтарға толық жауап алды.