Күн тәртібінде – студент жастармен жұмыс
2021 жылғы 08 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен елордалық жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі департаменттерінің басшыларымен кездесу өтті. Кездесуге Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы А. Ш. Шакенова қатысты.
Кездесу барысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды, атап айтқанда: Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу, вакцинация қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары, карантин кезеңінде студенттердің әлеуметтік-мәдени қызметін ұйымдастыру және т.б.