Күн тәртібінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің отырысы
2021 жылғы 10 ақпанда онлайн-режимде Жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің бірінші отырысы өтті. ЖІК төрағасы Шакенова Айнур студенттерге сөз сөйлеп, әр түрлі клубтар мен үйірмелердің жетекшілерін бірінші курс студенттеріне таныстырды.
3-4 курс студенттері, сондай-ақ «Аяла» би ансамблінің бұрынғы жетекшісі Жұмағұлова Мадина, «Zhas Qanat» әлеуметтік клубының жетекшісі Кәрім Ислам және вокал студиясының жетекшісі Қаскенов Ерасыл өз сөздерінде институт басшылығына, оқытушыларға, Жастар ісі жөніндегі комитетке өз мүдделері мен армандарын түрлі қызмет барысында жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Жоғары курс студенттері өз тілектерінде бірінші курс студенттеріне институттың дәстүрлерін сақтауға және студенттік қоғамдастықтың белсенді қатысушылары болуға тілек білдірді!
Отырыста «сұрақ-жауап» форматында студенттік актив қызметінің түрлі аспектілеріне және ЖІК-тің алдағы көктемгі семестрге арналған алдағы жоспарларына қатысты мәселелер талқыланды.