«КӨРКЕМДІК ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ»

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдың 12 қазанында көрнекті ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ф.ғ.д., профессор Серік Негимовтің туғанына 70 жыл толуына орай «Көркемдік дүниетаным және сөз мәдениеті» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторант А.Е. Алимбаев қатысып, «Көне түркі әдебиетіндегі «Мәңгілік ел» идеясы» тақырыбында баяндама жасады.