Кәсіби бағдар беру жұмысы
2024 жылғы 10 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты атынан заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент Қ.С. Қалдыбаев, педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Ж.Е. Тұрманова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н.М. Қоқышева Ақмола облысы Астрахан ауданына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша іссапарда болып, ауылдық мектептер басшылығымен, білім алушылармен әңгімелесу жүргізіп, институт туралы толыққанды ақпарат берді. Оқушылар тарапынан қызығушылық танылып, сұрақтар қойылды, болашақта білім алушылар және мектеп ұжымымен де үнемі өзара байланыста болу жоспарланды.