Кәсіби білімімізді қалыптастырамыз

2020 жылдың қазан айында Еуразия гуманитарлық институты мен «Кәсіби психологиялық лига» ҚБ ынтымақтастығы аясында оқытушылар мен студенттер София университетінің (София қ., Болгария) және Экономика жоғары мектебінің (Мәскеу қ., Ресей) жетекші ғалымдарының келесі бағыттағы дәрістерін онлайн-форматта тыңдады: «Қазіргі заманғы когнитивтік ғылымдағы трендтер» (дәріскер: психология ғылымдарының докторы, профессор, Экономика жоғары мектебінің ҒЗУ психология департаментінің басшысы Фаликман М.В.); «Әйел суицидтік терроризмі» (дәріскер: саяси ғылымдарының докторы, София университетінің профессоры Дронзина Т.А.); «Интернет қарым-қатынасы психологиясы» (дәріскер: психология ғылымдарының докторы, Экономика жоғары мектебінің профессоры Гулевич О. А.). Онлайн-дәрістер кезінде ЕАГИ студенттері белсенді сұрақтар қойып, сабаққа қатысушылармен пікір алмасты.