Кәсіби даму

2019 жылдың 8-19 қаңтар аралығында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова мен ғылым магистрі, аға оқытушы А.Т. Сандыбаева  M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universitetinde өткен Қысқы педагогикалық біліктілікті көтеру шеберлік мектебіне қатысты. Семинар барысында академиялық эссе, жарияланым этикасы, адалдық қағидаттары, кинокоучинг, интербелсенді әдістер, ораторлық харизма, жеке бренд, блогинг, аффирмация, CLIL сияқты инновациялық тақырыптар бойынша өткізілген тренингтермен танысты.