Күзгі аударма мектебі
26-30 қыркүйек аралығында шетел тілдері кафедралары Қазақстанның кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ гибридті форматта ұйымдастырған күзгі аударма мектебіне белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы сот және құқық қорғау органдарының жұмысына қатысатын аудармашылардың қызметін заңдастыру мен реттеудің халықаралық тәжірибесі мен келешегін талқылау болды.
Барлық шақырылған спикерлер зерттеуге және талқылауға көптеген пайдалы ақпарат берді.