5В010300 — «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Академиялық дәрежесі: бакалавр

Бағыты: педагогикалық

Мамандықтың атауы мен коды: 5В010300 — «Педагогика және психология»

Кредит саны: ҚР кредиті – 129, ESTC кредиті— 201

Оқу нысаны: күндізгі (жалпы орта мектеп пен техникалық және кәсіптік білім беру базасында), сырттай (жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру базасында)

Оқудың басталуы: 1 қыркүйек

Оқу мерзімі (грант, ақылы): 4 жыл (жалпы орта мектеп базасында), 3 жыл (техникалық және кәсіптік білім беру базасында), 2 жыл (жоғары білім беру базасында)

Біліктілік: білім бакалавры

Білім беру траекториясы: «Даму және білім психологиясы», «Менеджмент психологиясы және ұйымдастыру психологиясы»

Мамандану: 5В010300 — «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласы білім беру мекемесі (жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесі, педагогикалық колледждер, бастауыш, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) болып табылады.

Мамандықтың ерекшелігі: 5В010300 — «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім бакалавры мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады :

  • ұйымдастыру-технологиялық ( педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру);
  • өндірістік-басқару («субъект-субъект» өзара әрекеті);
  • жобалық (жалпы білім беретін мектепте білім беруді модельдеу);
  • ғылыми-зерттеу (кез келген типті ғылыми-зерттеу ұйымдары: ғылыми-зерттеу жобаларын модельдеу және іске асыру);
  • білім беру (педагогикажәне психологияны оқыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау).

Еңбек нарығы: 5В010300 — «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет саласының нысаны жалпы білім беретін мектептер; кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын кез келген типті ғылыми-зерттеу ұйымдары, мекемелер болып табылады.

Түсуге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – биология