Мамандықтың сипаттамасы

«Құқықтану» мамандығының сипаттамасы

Дәрежесі: бакалавр
Бағыты: юриспруденция
Мамандықтың атауы мен коды: 5В030100 – «Құқықтану»
Кредит саны: ҚР кредиті — 129, ESTC – 194
Білім беру траекториялары:

  • ҚР қылмыстық құқығы;
  • ҚР азаматтық құқығы

Оқу нысаны: күндізгі (орта жалпыға білім беретін мектеп негізінде және техникалық және кәсіптік білім негізінде), сырттай (жоғары білім негізінде және техникалық және кәсіптік білім негізінде)
Оқудың басталуы: 1 қыркүйек
Оқу мерзімі (ақылы): 2 жыл (жоғары білім негізінде), 3 жыл (техникалық және кәсіптік білім негізінде), 4 жыл (орта жалпыға білім беретін мектеп негізінде)
Біліктілігі: құқық бакалавры
Мамандандырылуы: 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;
  • ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот ұйымдарындағы құқық қорғау қызметі;
  • адвокат, заң кеңесшісі ретіндегі заң және кеңес беру қызметі;
  • орта мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы педагогикалық қызмет

Мамандықтың ерекшелігі: 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалаврлары кәсіби қызметінің нысандары: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау, құқық қолдану практикасына қатысу

Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасы соттары мен құқық қорғау органдары,  прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік органдары, адвокатура, құқық қорғау ұйымдары
Түсушілерге қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пәні –  дүниежүзі тарихы